Аудандық "Үздік ауыл мектебі" байықауына мектеп ұжымынан М.Мамаев, Қ.Қыдырбеков, А.Мекетаев, М.Иманберді, А.Бабалиев, Б.Бекбатырова, Л.Рахымбаева, Н.Сабаншиева, Б.Дауенова, Л.Салимбаева, Б.Әбілқасым қатысып 2 орынға ие болды.
Аудандық "Үздік ауыл мектебі" байықауына мектеп ұжымынан М.Мамаев, Қ.Қыдырбеков, А.Мекетаев, М.Иманберді, А.Бабалиев, Б.Бекбатырова, Л.Рахымбаева, Н.Сабаншиева, Б.Дауенова, Л.Салимбаева, Б.Әбілқасым қатысып 2 орынға ие болды.
Қазақтың сөз өнерінде өзіндік орны бар, шешендік өнерімен елге танылған Бөлтірік Атыханұлының ұрпағы Бақытгүл Қасенбайқызы Бөлтірікова, экономика ғылымдарының докторы, академик, журналист Даулет Телбайтегі қонақ болып, оқушылармен кездесіп, туған жердің тарихы, туған жердің топырағынан шыққан біртуар тұлғалар жайында тебірене әңгіме өрбітті. Бөлтірік Атыханұлының музыка кітібын, оның өмірі мен шығармашылығына байланысты еңбектерін, құнды тарихи суреттерін тарту етті.
Облыстық ұлттық мектеп лигасының жеңіл атлетикалық кросс сайысынан 7-8 сынып ұлдары арасынан 2 орын иеленіп, олжалы қайтты. Жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дауенова Б.Ш.
Аудандық "Білім беру ұйымының табысты көшбасшысы" байқауына мектеп директоры М.Мамаев қатысып 3 орын иеленді.
2.03-13.03.26 күндер аралығында "Бастау" бастауыш бірлестігің онкүндігі өтті "Бастауыш-ғажап әлем, әр бала-бір әлем" атты тақырыппен.
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін, дамыту, білімге деген қызығушылығын арттыру және мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Ұ.Бағаев атындағы орта мектебінде кітапханашы Л.Мухамедкаримованың ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай "Мұқағали-ақиық ақын" атты әдеби-сазды кеш өтті.
"Ұ. Бағаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен және Алғабас бастауыш мектебімен" ККМ-де 2-ақпан күні директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының жоспарына сай "Жыл пән мұғалімі-2026" байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты жас ұстаздарға шабыт алып, тәжербие жинау, тәжербиелі ұстаздардың педагогтік шеберлікті ортаға салуы, бөлісуі, бір бірінен ұтымды тұстарды алуға және жаңашылдыққа ұмтылуға бағытталады. Байқауға әр пән мұғалімінен 11 мұғалім додаға түсті. Байқау негізгі 4 турдан тұрды.
. Мұғалімнің электронды портфолиосы.
. Ашық сабақтар (бейне сабақ)
. Жұмыс жүйесінің моделі.
. Импровизациялық тапсырма.Аталған турлардың қортындысы бойынша
1 орын- бастауыш сынып мұғалімі Әбілқасым Баян
2 орын- информатика пәні мұғалімі, жас маман Джунусова Эльнара
3 орын- химия пәні мұғалімі, жас маман Айтжан Гүлнұр иемдендіҮздік портфолио номинациясын Сағымбаева Шынар
Үздік ашық сабақ номинациясын Салпаңбаева Перизат
Үздік жұмыс моделі номинациясын Сабаншиева Назира иемденді. Мектеп әкімшілігі, кәсіподақ төраймы және қарт ұстаздардан құрылған комиссия мүшелері жарыстың жоғары деңгейде, мұғалімдердің өте белсенді дайындалып келгеніне баға бере келе ұсақ кемшіліктергеде тоқтала кетті.
“Ұ.Бағаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен және Алғабас бастауыш мектебі”
Балалардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру мақсатында “Кітап оқы,ойла арманда”атты қысқы демалысқа арналған гайдбук мектеп кітапхнашысы Айтжан Г. ұйымдастырылуымен өткізілді.
Мақсаты:Балалар қысқы демалыс уақытында бос уақытын тиімді пайдаланып,кітап оқуға құштарлықтарын арттыру;
Балалар кітапханасы жобасы аясында мектебімізде "Демалыста кітап оқимыз" шарасы өткізілді. Шара барысында оқушылар Абай Құнанабайұлының шағармалары мен өлеңдерін оқыды. Мақсаты: Балалар қысқы демалыс уақытында бос уақыттарын тиімді пайдаланып, кітап оқуға құштарлықтарын арттыру.