«Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ұзақ Бағаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен және Алғабас бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

Туған жердің әрбір тасы мен топырағы, сайы мен жотасы тұнып тұрған тарих.

Қазақтың сөз өнерінде өзіндік орны бар, шешендік өнерімен елге танылған Бөлтірік Атыханұлының ұрпағы Бақытгүл Қасенбайқызы Бөлтірікова, экономика ғылымдарының докторы, академик, журналист Даулет Телбайтегі қонақ болып, оқушылармен кездесіп, туған жердің тарихы, туған жердің топырағынан шыққан біртуар тұлғалар жайында тебірене әңгіме өрбітті. Бөлтірік Атыханұлының музыка кітібын, оның өмірі мен шығармашылығына байланысты еңбектерін, құнды тарихи суреттерін тарту етті.